Аудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Білім жетілдіру – кәсіби кемелдену

Мұғалімнің кәсіби өсіп отыруы білім саласындағы маңызды сұраныс. Өзгеріс сәт сайын алмасып тұрған заманда жаңа әдістемені үйрене отырып игеру – ұстаздың үлкен қаруы. Өткен оқу жылының аяғында Алматы облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында екі апталық курстан өттім. Курстың тақырыбы: «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту». Курсты Болсынбаева Аманғайша Жолдықанқызы атты білімі мен парасаты толысқан білікті тренер жүргізді. Курс барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ерекшелігі – қарым-қатынас дағдыларын дамытуда қажетті тілдік құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарына басымдық берілді. Жаңа білім бағдарламасының мақсатының өзі оқушы бойында дағды қалыптастыру керек болса, сол төрт дағдыны оқу мақсатында қалай жүзеге асырмыз деген мәселені көп талқыға салдық. Сонымен қатар, бүгінде өзекті болып жүрген «эссе жазу әдістемесі» бойынша курс тыңдаушыларымен ашық есік күні өткізілді. Әрбір сабақты жаңаша жоспарлау үшін SMART мақсаттар құрудың тиімді жолдарын қоржынымызға толтыра бастық. Курс соңында әр түрлі тақырыпта қорғалған жобалар үлкен тәжірибе алмастырған шебер мектебіне айналды.

Өткелбаева Рауза Нұрабайқызы,

 М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button