«AMANAT»: ІЛЕЛІКТЕР ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ҚОЛДАЙДЫ
“Ауыл аманаты” жобасы жайлы кезекті түсіндіру жұмыстары Іле ауданының Энергетический және Чапай ауылдық округтерінде өтті.
«AMANAT» партиясының жаңа бағдарламасы ауыл азаматтарын қолдауға бағытталған.
Осыдан 3 жыл бұрын тәжірибе ретінде Жамбыл облысында жүзеге асырылған бағдарлама оң нәтижесін беріп, кәсіп ашып, сол кәсібінен нәсіп нәсіп тауып, жұмыссыздардың саны азайған. Енді 2023 жылы республика бойынша іске қосылмақ.
Шалғайдағы ауыл тұрғындарына арналған бұл бағдарламаның артықшылықтары жайлы жоба мүшелері толық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халықтыңда ұсыныс-пікірлерін назарға алды.
Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға өз пікірлерін білдіруде.
- Керемет жоба. Толығымен қолдауға тұрарлық. Жастарымыз өсіп келеді, оларды жастайынан еңбекке баулуымыз басты міндетіміз. Сол кезде жұмыссызлық белең алмайды. Ұрпақтарымыз, іні-бауырларымыз осындай мүмкіндіктерді пайдаланып кәсіп ашып жатса, біз қуанамыз, себебі төмен пайыздағы несие беру бұған дейін қолға алынбаған, — деп атап өтті ауыл тұрғыны Болат Әбдіғалиұлы.
«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі