Заң және біз

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН QR КОД АРҚЫЛЫ ҚОРҒАЙМЫЗ

Іле ауданы прокуроры Д.Досмұханбетовтың басшылығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ауданның кәсіпкерлерімен жиналыс өтті.

Жиында бірлескен іс-шараларды іске асыруды, бизнестің дамуына кедергі болатын жүйелі мәселелер мен кедергілерді анықтауды, кәсіпкерлік субъектілердің қызметін заңсыз тек-серулерге жол бермеуді көздейді.

Қазақстан Республикасы Бас про-куратурасының тапсырмасы бойынша аудан прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауға алынды.

Прокуратура органдарының жұмысы бизнес үшін жағымсыз салдар туындағанға дейін мемлекеттік органдардың өлшеусіз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған.

Атап айтсақ, аудан прокуратурасымен өткен жылы 500 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, жауапты лауазымды тұлғалар әртүрлі жауапкершіліктерге тартылды.

Заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың сапасын арттыру мақсатында, сонымен қатар лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне тез арада шара қолданып, кәсіпкерлердің іс-әрекетіне негізсіз араласуға жол бермеу мақсатында Іле ауданы прокурорының өкіміммен мобильді топ құрылды.

Осы мобильді топқа кәсіпкерлердің тез арада жеңіл және оңай хабар беруі үшін, облыс прокуратурасымен Телеграм бот әзірленген.

Жиналыста телеграм бот туралы ақпаратты аудан прокуратурасының аға прокуроры А. Нұрахаев толық түсіндіріп берді.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының прокуроры А. Әбдібек түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жиналыста аудан кәсіпкерлері сұрақтар қойып, көбісі орнында өз шешімдерін тапты.

Кәсіпкерлерге кеңес: Егер сізге тексеріс келсе

Сіздің кәсібіңізді тексеруге мемлекеттік органның қызметкері келсе, ең алдымен нені талап етесіз және олардың сізді тексерудегі құқықтары қандай?

ҚР  Бас прокуратурасының мәліметтеріне сүйене отырып, кәсіпкерлерге арналған бірнеше кеңестерді жинастырып шықтық.

Кәсіпкерге ерекше тәртіп бойынша тексерістің басталатыны туралы және ішінара тексеріс туралы 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлануы тиіс. Жоспардан тыс тексеріс кезінде тексеріс басталғанға дейін бір тәулік бұрын хабарлануы қажет.

Бұл ережеден тыс өткізілетін тексерістерге Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағының 2, 7, 9, 10 тармақшаларына және 6, 7 тармақтарына сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер жатады.

Кәсіпкер нені білуі керек?

Тексеруші сізге мыналарды көрсетуі тиіс:

Тексерісті тағайындау туралы акті. Актіде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сіздің аймақтағы Басқармасында тіркеу туралы мөрі болуы керек;

Қызметтік куәлік;

Тексеру парағы. Онда тексеруге жататын талаптар көрсетілген болуы тиіс.

Айта кетейік, тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалар тексеріс жүргізуге құқылы емес. Сондай-ақ, тексеріс 30 жұмыс күнінен аспауы керек (Салық кодексінің 629 бабындағы уақыт регламентімен көрсетілген салықтық тексерістен басқа жағдайда). Оның басталуы болып тексеріс тағайындау туралы акті тапсырылған күн есептеледі.

Тексерістің заңды екенін қайдан білуге болады?

Сіз тексерістің заңдылығын  «Телеграмм» желісіндегі QR-код арқылы білуге болады.

 Сіздің арызыңыз «Телеграмм Бот» арқылы аудандық прокуратура бөліміне түседі. Тексеріс кезін-дегі кәсіпкер құқығы

Егер жүргізілетін тексеру тексеріс нысанасына жатпаса немесе актіде көр-сетілген кезеңге жатпаса, ондай мәліметтерді бермеуге;

Лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірмей, аудио және бейне-техниканың көмегімен тексеріс процесін жазып алуға;

Тексеріс тағайындау туралы, тексеріс нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ тексеруші тұлғаның әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағым беруге;

Сіздің қызметіңізді шектейтін, тексерушілердің заңда негізделмеген тыйымдарын орындамауға (мысалы, ешқандай негізсіз қызметті тоқтата тұру туралы талап);

Өз мүдделеріңіз бен құқықтарыңызға өкілдік ету мақсатында, тексеріс жүргізу кезінде сол жерде болуға, сондай-ақ тексеріске қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға.

Тексеріс жүргізуші лауазымды тұлғаның құқы жоқ:

Осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген болса, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;

Егер зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды (құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерi) ұсынуды талап етуге;

Хаттамаларды ресiмдемей тұрып өнiм үлгiлерiн емесе қандай да бір объектілерді iрiктеп алуға;

ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге немесе таратуға;

Тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;

Мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн кәсіпкердің есебiнен төленетін iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.

Тексеріс қорытындысы қалай ресімделеді?

Тексерушілер 2 данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды, оның біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер немесе наразылықтар болса, сіз оларды жазбаша түрде мазмұндай аласыз, олар актіге қоса тіркеледі.

Қандай тексеріс заңсыз болуы мүмкін?

Тексеріс жүргізу негіздерінің жоқ болуы;

Тексеріс тағайындау туралы акті жоқ болуы;

Тексеріс жүргізу туралы хабарлама мерзімдері сақталмаған кезде;

Ерекше тәртіп және ішінара тексерістер бойынша тексерістер жүргізудің мерзімділігі бұзылған;

Кәсіпкерге тексеріс тағайындау туралы актіні ұсынбаған жағдайда;

Лауазымды тұлғалар өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерістер тағайындағанда;

Тексеріс тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелмеген жағдайда тексеріс заңсыз деп танылады.

Өрескел бұзушылықпен жүргізілген тексеріс (тізбесі Кәсіпкерлік кодексінің 156-бабының 3-тармағында келтірілген), жарамсыз деп танылады, бұл оны кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады.

Бағдат ЧОЙБАСОВ.

(Мәліметтер Іле ауданы прокуратурасымен бірлесіп жазылды). 

Басқа жаңалықтар

Back to top button