Қоғам

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ЭТНО МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ

1 наурыз Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің белгісі мерекесі.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзым белгісі.

Осы орайда Іле аудандық Аналар кеңесі және Іле аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты аудандағы славян, өзбек, ұйғыр және күрт этно мәдени орталықтары мүшелерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті. Іс-шара барысында «Қазақстан – қасиетті қара шаңырақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Славян, өзбек, ұйғыр және күрт этно мәдени орталықтары мүшелері өз ұлтының ұлттық киімі мен ұлттық тағамдарын таныстырып және ұлттық ән-билерімен мерекелік кештің көркін келтірді.

Мерекелік кеш замана жастарының, өскелең ұрпақтың бір-біріне деген құрметін, сыйластығын, бірлік танымын оятып, діңі берік, тамыры терең отансүйгіштікке тәрбиелеу.Сонымен қатар барлық этностардың бірлігі мен келісімін нығайта түсу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға 40 адам қатысты.

Г. Абильдинова,

оқырмандарға қызмет көрсету

 бөлімінің меңгеруші

Басқа жаңалықтар

Back to top button