Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы

ІЛЕ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӘЗ- НАУРЫЗДЫ АСЫҒА КҮТЕДІ

Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан «Іле су» шаруашылығы мемлекеттік мекемесі жыл сайын әз-Наурыз тойын айрықша салтанатпен атап өтеді. Биылғы мерекеде ақ шатыр құрып, мекеменің алаңын төгілген күй мен шырқалған әнге, Өтеген батыр ауылын нағыз думанға толтырды.

«Іле су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Іле ауданы әкімінің 17. 08. 2017 жылғы №260 қаулысы негізінде 3 кәсіпорынды қайта ұйымдастыру (біріктіру) жолымен құрылды. Кәсіпорын Жарғыға сәйкес Іле ауданының 20 елдімекенінде сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау қызметтерін ұсынумен айналысады. Кәсіпорын қызмет көрсететін инженерлік желілердің жалпы ұзындығы:  сумен жабдықтау бойынша – 366,9 шақырым, су тарату желілері бойынша   –   65,6 шақырым, жылумен жабдықтау бойынша – 3,2 шақырымды құрайды. Кәсіпорында жұмысты ұйымдастыру үшін 210 адам жұмыс істейді, оның ішінде – 17 бірлік – әкімшілік-басқару персоналы, 30 бірлік – сату қызметі, 141 бірлік – сумен жабдықтау және су бұру авариялық-қалпына келтіру бригадасы, 22 бірлік – жылумен жабдықтаудың авариялық-қалпына келтіру бригадасы. Кәсіпорын қызмет көрсететін абоненттердің жалпы саны 31 356 бірлікті құрайды, оның ішінде, жеке тұлғалардың абоненттері 30 496 бірлік, — заңды тұлғалардың абоненттері 860 бірлік.

– 2023 жылғы 1 қаңтар мен 20 наурызға дейінгі жұмыс жоспарымызды табысты орындадық, – деді. «Іле су» шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің басшысы Садыр Закиржанов. – Бұл халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан ұжымдағы бірліктің, татулықтың нақты айғағы. Жұмысшыларымыз қашанда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келеді. Мекемеде екі жүзден астам жұмысшы қызмет етеді, бүгінгі жетістігіміз – солардың уақытпен санаспай атқарған маңдай терлерінің жемісі.

Шараға арнайы келіп қатысқан «Amanat» партиясының Іле аудандық филиалының төрағасы А. Сәтібаев, ауыл ақсақалдары М.Назарбаев, Қ. Көрпебаев ауыл белсендісі Н. Түймелиев, А. Абдрахманов, Н.Сержановтар «Іле су» шаруашылығының жұмыстарына алғыс айтып, жетістіктердің жалғасын табуына тілектестік білдірді. Мерекеге орай елеулі еңбектерімен дараланған қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

Мекеме жұмысшылары да ауыл ішін әсем әнге толтырды. Ақ шатырда мол дастарқан жайылып, қазан көтеріліп, ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтады. Арнайы шақыртумен келген ауыл өнерпаздары да салтанаттың сәнін келтірді.

Мереке берекелі дастарқан басындағы ашық-жарқын жүздесуге ұласты. Осылайша қойнауы қазынаға толы киелі Іле ауданы, Өтеген батыр ауылының «Іле су» шаруашылығы жұмысшыларының әз-Наурыз тойына жиналғандар көктемнің керемет мейрамын шат-шадыман күйде қарсы алды. Өткен жылды табысты қорытындылаған, биылғы межелері де айқын. Олар қай істе де ең бастысы бірлік пен береке екенін жақсы біледі.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button