Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыАщыбұлақ ауылдық округіДенсаулық

Мың алғыс сізге , ақ халатты абзал жан!

ШЖҚ «Іле аудандық орталық ауруанасы» МКК Жапек Батыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының акушерка Турар Жанна Жумабаевнаға Ізгі ниетпен: Жапек Батыр ауылының тұрғындары

          Қазақ «Дені саудың – жаны сау» деп тегін айтпаса керек. Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары екендігі айтпасақ та белгілі. Дәрігерлердің бұл ерлігіне тамсаңған әрбір адам дәрігер болуды және адамдарға жаңа өмір сыйлауды армандайтын шығар. Алайда «ақ халатты абзал жан» деген қастерлі атаққа бәрінің қолы жете бермейді. Себебі ақ халатты абзал жан атану сөз жүзіндегі білімділікті ғана емес, жүректегі батылдық пен төзімділікті қажет етеді. Дәл осы кезде дәрігерлік ілімнің атасы саналатын Гиппократтың: «Дәрігер арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек» деген ұлағатты сөзі бірден еске түседі.

          Яғни әйел затының дені сау кезде ғана сау баланы дүниеге әкелетінін барлығымыз жақсы білеміз. Бұл ретте дәрігерлер де ақыл-кеңестері мен ем-домын ешқашан аяған емес. Осы орайда ШЖҚ «Іле аудандық орталық ауруханасы» МКК Жапек Батыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының акушеркасы  Турар Жанна Жумабаевна өз қызметін адал атқарып, халықтың алғысына бөленіп жүрген осындай жандардың аялы алақаны мен мейірімі, кәсіби біліктілігі, ақжарқын жүздері әр науқастың дертіне шипа сыйлап, болашақ аналарға білмеген нәрселерімнің барлығын түсіндіреді сонымен қатар қабағы қатыңқы жанның өзі де қабылдаудан кейін күліп шығады. Т.Ж.Жумабаевнаның 9 ай бойы қабылдауынан өткен сайын болашақ ананың денсаулығына зиянын тигізетін ауру түрлері қандай және дені сау бала туу үшін болашақ аналардың нені білгені жөн? Жаңа туған нәрестеге қандай күтім жасау керек?  сияқты маңызды әр түрлі сапалы ақпараттар айтып бағыт бағдар беріп отырады. Атап айтсам өмірге дені сау сәби алып келуімізге алдымен Алла одан кейін осы кісілер себепші болды. Турар Жанна Жумабаевна сияқты өз ісінің шебер маманы бар осы Жапек Батыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының басшылығы мен ұжымына сәттілік тілеймін, Алла кәсіптеріңізге береке берсін, халықтың алғаусыз алғысына бөлене беріңіздер! Еңбектерініздің жемісін көріп, биік-биік белестерді бағындыра беріңіздер! Еліміздегі осындай тәжірибелі мамандардың еңбегіне сияқы тағайындап, алғыс хаттар мен мадақтауларды елеусіз қалдырмайтындарыңызға біз сенімдіміз. Біз сіздерді мақтан етеміз.

ШЖҚ «Іле аудандық орталық ауруанасы» МКК Жапек Батыр ауылының

 дәрігерлік амбулаториясының акушерка

 Турар Жанна Жумабаевнаға

Ізгі ниетпен: Жапек Батыр ауылының тұрғындары

Із

Басқа жаңалықтар

Back to top button