Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулықЗнай нашихҚоғамМерекелерТұлға

АУДАНЫМЫЗҒА ТАНЫМАЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА –25 ЖЫЛ

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – бүгінгі қоғамның талабы. Іле ауданының Боралдай кентінде орналасқан «Daulet medical center» орталығы бұл талаптың үдесінен толық шыға алады. Бүгінде орталық – тек Алматы облысы, Іле ауданына ғана емес, елімізге кеңінен танымал медициналық мекеменің бірі. Мұнда адамның денсаулығын жақсартуға  байланысты түрлі аурулардың алдын алуға, қатерлі сырқаттардан кейін емделушіні  оңалту үшін барлық жағдай жасалған.  Орталық соңғы үлгідегі  лабораториямен, компьютерлік томографиямен, сандық рентгенмен, магнитті-резонанстық томографиямен, лорингоскоп, ФГДС аппарат-тарымен жабдықталған. Квота бойынша шағын инвазивті хирургиялық операциялар, көзге микрохирургиялық операциялар тегін жүргізіледі. Бұл орталықтың тарихына көз жіберсек, ол 1998 жылы ашылған. Медициналық қызмет көрсету орталығы өзінің жұмысын тұрғындарға кең көлемде профилактикалық шаралары бар  медициналық қызмет көрсету бағытында бастаған болатын. Бүгінде мұнда диагностикалық орталық, тәулік бойғы стационар, лаборатория, балаларды сауықтыру және оңалту орталығы жұмыс істейді. Оңалту орталығында тұзбен емдейтін булау камерасы (сплео камера), физиокабинеттері, биоптрон, ВЛОК, минералды, шунгитті ваналар, су асты уқалау ваннасы, уқалау кабинеті, гидро уқалау ваннасы, емдеу физкультуралық кабинеттері денсаулығын сауықтырғысы келетін емделушілерге арналған.

Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру шеңберінде  2014  жылдың қараша айында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту және қайта қосу науқаны жүргізілді. Емделушінің медициналық ұйымды еркін таңдау нәтижесінде «Daulet medical center»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  сол жылы  10 800 адам бекітілді. 2014 жылдан бері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жұмыс істеп келеді. 2023 жылдың басында тіркелген халық саны 22 800 адамды құрады.

2019 жылдың маусым айынан бастап  мұнда Іле ауданы бойынша  алғашқы тегін емдеу, оңалту және қалпына келтіру орталығы ашылды.

 Одан баска «Daulet medical center» орталығында 2006 жылы науқас балаларға арналған топ ашылды. Бұл 10 баладан тұратын топ 20-40-қа дейін өсе бастады, сөйтіп 200 балаға жетті. Олар үшін медициналық орталықтың мамандары физиотерапия, шөптермен емдеу, емдік шараларды жүргізеді және  балаларға арналған бассейн жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі жолдамасына сәйкес сауықтыру ортылығы «Балапан» бағдарламасына қосылды. Бүгінде мұндағы  заманауи жабдықтармен жабдықталған балабақшада 200-ден астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Бізде стоционарлы жұмыс істейтін  терапия, хрургия, гинекология және оңалту бөлімдері 50 төсекке арналған, — дейді бізбен әңгімесінде «Daulet medical center» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің бас директоры, Қазақстан Республикасы  «Денсаулық саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, Іле ауданының Құрметті азаматы  Садат Қондыбайқызы Сәткенбаева. – Барлық бөлімдер соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталынған. Сырқаттар жататын бөлмелердің барлығында жуынатын бөлме, дәретхана, телевизор бар.  Бұдан басқа емханада терапевт дәрігер, балалар дәрігері, кардиолог, акушер-гинеколог, хирург, уролог, эндокринолог, лор, офтальмолог, онколог, пульмонолог сияқты  мамандар Боралдай кентіндегі және кентке жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындарын ақылы және тегін қабылдап, тиісті емдеу шараларын жүзеге асырады. Жоғарыда айтып кеткен стационар бөлімдері де  сырқаттарды ақылы және арнайы портал арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, тұрғындар үшін реанимобиль жедел жәрдем көлігі жұмыс істейді. Орталықта ұзақ жылдан бері абыроймен еңбек етіп, көптің алғысы мен ризашылығына бөленіп жүрген қызметкерлеріміз көптеп саналады. Атап айтсақ, жоғары санаттағы гинеколог дәрігерлер Роза Өмірсерікқызы Әмірғалиева мен  Анар Аспандиярқызы Шегірова, жоғары санаттағы  дәрігер, ультра-дыбыстық зерттеу маманы Сұлухан Қондыбайқызы Әмірова, жоғары санаттағы  терапевт дәрігер, кардиолог, гастроэнтеролог Қуат Тұрсынғалиұлы Тұрсынғалиев, эндокринолог Ольга Романовна Лим, жоғары санаттағы хирург Арзығұл Тұрдығұлұлы  Кенжеев, бірінші санаттағы  дәрігер, хирург, уролог Нұрлан Ақылбекұлы Кәрібаев сынды ақ желеңді абзал  жандар біздің орталықтың  мақтанышы.

«Daulet medical center» ортталығының басшысы Садат  Қондыбайқызы жалпы ауданның денсаулық сақтау саласында 50 жылға жуық еңбек етіп, тұрғындардың ілтипатына, алғысына бөленген ақ желеңді абзал жан. Оның ұзақ жылғы еңбегі өтеусіз қалған жоқ. Атап айтсақ,    2001 жылы 8 маусымында Халық денсаулығын сақтау ісіндегі ерекше еңбегі үшін  «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, 2002 жылы 4 ақпанда  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы «Жыл маманы» номинациясында басқару процесіне қосқан жеке елеулі үлесі, ерекше еңбек жетістіктері, адалдығы мен кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасының ұлттық сертификатымен марапатталды, 2014 жылы «Даулет-Центр» ЖШС-нің 15 жылдығына байланысты  Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хатымен, «Қазақстан экономикасының Даңқ Жұлдызы» орденімен марапатталды.

2014 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау  қызметкерлері  кәсіподағындағы ерекше жетістіктері үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталса, 2016 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің,  2019 жылы 18 қарашада «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің, 2021 жылы 24 қараша «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкелерінің салалық кәсіптік одағының төсбелгісінің және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медалінің иегері атанды.  Ал, 2022 жылы «Республика күні» мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Өз мамандығына шексіз берілген, Гиппократ антына адал бола білген  білікті басшы, шебер ұйымдастырушы Садат Қондыбайқызы Сәткенбаева жетекшілік ететін   «Daulet medical center» орталығы осылайша Іле ауданының халқына мінсіз 25 жыл медициналық қызмет көрсетіп келеді. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, медициналық орталықтың қызметкерлері!     

Б. ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button