Басты ақпаратДенсаулықҚоғамМерекелерТұлға

ЖАНҒА ЖЫЛУ, ДЕРТКЕ ШИПА СЫЙЛАҒАН ЖАНДАР

Құрметті ақ желеңді абзал жандар, адам жанына арашашы дәрігерлер!

Жаздың алғашқы айында келіп жеткен кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Ауырған жанды емдеу, оның өмірін сақтау – Сіздердің Отан, адамзат алдындағы қасиетті борыштарыңыз. Соңғы жылдары әлемдік індет бізге медицина мамандарының қажеттілігін бұрынғыдан да артық сезіндіріп, дәрігерлердің мәртебесін биіктете түсті.

Сіздердің еңбектеріңіз шын мәнінде барлық құрметке лайық! Бұл орайда, әлемдегі ең ізгі, ең қастерлі мамандық иелерінің қызметі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып келеді. Әрине, ең үлкен баға – халықтың шынайы көңілі екені сөзсіз. Дертіне шипа іздеген әрбір тұрғын Сіздерге дән риза деп білемін.

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Ауданымызда денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.

Құрметті ақ желеңді асыл жандар! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бағдат ҚАРАСАЕВ,

Іле ауданының әкімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button