Ауыл тынысыБоралдай кентіҚоғам

Біздің міндет-халыққа қызмет

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралыөзгерістер енгізу туралы:ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 226-VІІ Заңына сәйкес көрсетеді. Аталған құжатқа сәйкес «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»  мемлекеттік қызметі  көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік  қызметтерді оңтайландыру, жүйелеу, оны арнайы орган арқылы бақылу,  халықты жаппай цифрлық сауаттылыққа үйрету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкімінің № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бұған дейін аталған қызмет көбінде қағаз түрінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Аталған сала барлық бағытты, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Балаларды кезекке қою үшін келіп  қызмет алушыларға оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға балабақша тарапынан толық жағдайлар қалыптасқан.

Сонымен бірге мекеменің  ақпараттық тақтайшасында қызмет алушыларға арналған QR код арқылы да мәліметтер берілген. Бұл дегеніміз — қажетті стандарттар мен регламенттерді келушілер ұялы телефоны арқылы өздеріне жүктеп, құжаттармен таныса алады.

       «Балдәурен» санаторлық топтармен бөбекжай-балабақшасында  жолдама беру және кезекті қалыптастыру процессын автоматтандыру үшін  GU-ALMOBL.KZ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТАЛЫ енгізілген. Автоматтандырудың негізгі ерекшелігі  ата – аналарға нақты уақытта порталда өтінішті тіркеу және білім бөлімі немесе балабақша  қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз таңдалған балабақшаларға жолдама алу мүмкіндігігін береді.  

 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған түрде жүргізілуіне байланысты балабақша қызметкерлері білім сапасын өзгерістер енгізілген талаптарға сәйкес жетілдіріп отырады.

Балабақша қызметкерлері Mgov, Telegram-бот @EgovKzBot мобильді мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді оңай алуға болатынан үйреніп, онымен қатар келушілерге де түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Үйден қызмет алуға мүмкіндігі жоқ ата-аналарға, аталған қызметті көрсету үшін «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасында  «Egov бұрышы» ұйымдастырылған.

Аталған бұрышты балабақша қызметкерлері ғана емес аудан орталығынан шалғайда  орналасқан Боралдай кентінің  тұрғындары ХҚКО бармай-ақ  кез — келген тұрғын пайдалануда.

Мысалы, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша аталған бұрыш арқылы 568 қызмет алынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  470 адамға артық. Қызмет алушылардың электронды түрде қызмет алуды  меңгергендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті мен облыстық білім басқармасының ұсынысымен екі жылдан бері  «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» тұрақты жұмыс істеп тұр.

Бұл бұрыштар арқылы  балабақша қызметкерлері,  ата-аналар қажетті  құжаттарын ЭЦҚ немесе картрейдрдің көмегімен ХҚКО бармай-ақ қызмет алуды меңгеруде.  

Өткен  жылдың маусым айынан бастап  «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы ата-аналардан құжаттары тек  электронды түрде қабылдауда.    

Сонымен қатар балабақша қызметкерлері аудан көлемінде өткізіліп жүрген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар, дөңгелек үстелдерге қатысып, тәжірибие алмасуда.

Өткен жылы ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында аудандық ХҚКО мамандарымен бірлесіп, «Қалтадағы мемлекеттік қызметтер» тақырыбында оқу семинары өткізілді. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің жалпы ережелері туралы сауалнама, сұрақтарға жауаптар беріп, мәселелерді жан-жақты талқылап, пікірлерін ортаға салды.

Аяпбергенова Гульнара Оралбековна

«Балдәурен» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі  

Боралдай кенті

Басқа жаңалықтар

Back to top button