Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

МЕКТЕПКЕ АПАРАР ЖОЛ ҚИЫНДАЙ ТҮСТІ

Тамыз айының ортасында жаппай дәстүрлі «Мектепке жол» әлеуметтік жағдайы төмен және толық емес отбасыларынан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындау акциясы басталды. Ондағы мақсат – білім алудан елімізде ешкім сырт қалмауы керек. Акцияның басталуы, мектептің басшысынан бастап мектеп ұжымы,  әлеуметтік педагогтың аяқтан таусылып демеуші кәсіпкерлерді іздеу басталады дегенді білдіреді.  Биыл мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар бірнеше есе қымбаттаған. Балаларын сабаққа дайындауға қызу кіріскен Іле ауданының ата-аналары осылай дейді. Олар керек-жараққа бағаның едәуір өсіп кеткенін «Кенжехан», «Мизам», «Ақбұлақ» сынды «Барахолка» аталып кеткен сауда орындарынан барып білген.

Іле ауданына етен жақын орыналасқан қалалық дүкендер мен базарларда сауда қызу жүріп жатыр. Ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындау оңайға соқпай тұрғанын айтады. Себебі қалтаны қаққан нарықтың бағасы ырыққа көнбей тұр.

Базарларда биыл мектеп формасының бағасы сапасына қарай 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін құбылып тұр. Сөрелерде отандық өндірушілермен бірге Өзбекстан, Қытай, Түркия елінен әкелінген тауарлар да бар.

«Костюмдерде 2 шалбары мен жакеті бар, бағасы 23 мың теңге болады. Мектеп формалары 1-11 классқа дейінгі оқушыларға толық бар», – деді базарлап келген ата-ананың бірі Бану Балғынбаева. Бану Балғынбаеваның бес баласы бар. Біреуі студент болса қалғаны мектеп жасында. Мектепке баратын балаларынан бөлек студент қызында қамтамассыз ету отағасы Серік Кудинов екеуінің мойыныдағы борышы. Бірінің киімін жаңартса, екіншісінің былтырғы киген киімін кигізіп, қызу дайындық үстінде. Әрқайсына сатып әперетін әлеуетіміз жетпейді дейді.

Сонымен, 1 баланы оқуға дайындау үшін қанша ақша кетеді? Саудагерлер нарықтағы орташа бағаны есептеп берді. Мектеп формасы – 20-25 мың теңге. Аяқ киім — 10 мың теңге. — сөмкені 7-8 мың теңгеге табуға болады.

Ал кеңсе тауарларына шамамен 15-20 мың теңге жұмсалады екен. Бас-аяғы 70 мың теңге. Бұл — тек орта сыныптағы оқушыға кететін құн. Ал әлеуметтік санаттағы отбасындағылар үшін мемлекеттен берілетін жыл сайынғы көмек бар. Ол 1 балаға шаққанда 40 586 мың теңгені құрайды, өткен жылы 37 мың теңгенң құраған еді.

«Мектеп формасына 40 586 мың теңге бөлінеді. Оның өзінде киімге ғана жетеді, оқу құралдарына жетпейді. Бұрынғы кезде мектеп формасын сатып алып беретін. Қазір ақша ата-ананың есепшотына түседі. Сосын сол ақшаға өздері базарға барып, киім таңдап алуына мүмкіндік бар», – деді Іле аудандық Білім бөлімінің басшысының Ляззат Жақыпқызы.

Мысалға келтірсек, қазақстандықтардың жалақысын есептеп шығарған Ranking.kz сайтының мәлімдеуінше биыл қазақстандықтар үшін балаларды мектепке жинау қиынырақ болады деп болжауға болады. Еске салайық, Қазақстан Республикасындағы жалақы іс жүзінде өскен жоқ, тіпті төмендеді. Биыл қаңтар-наурыз айларында нақты жалақы индексі небәрі 99,4%-ды құрады.

2023 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 340,6 мың теңгені, медианды (яғни, орташа қазақстандықтардың жалақысы) 225,7 мың теңгені құрады. Бұл ретте тұтынуға жұмсалған шығындардың есептік деңгейі бір адамға айына 80,2 мың теңгені құрады. Оның 19,6 мың теңгесі азық-түлік емес тауарларға жұмсалды. Осылайша, ата-аналардың киім-кешек, аяқ киім және кеңсе тауарларының ең аз жиынтығына жұмсалған құны азық-түлік емес тауарлардың орташа айлық құнынан төрт есе жоғары.

100 мың теңгенің көптеген отбасылардың отбасылық бюджеті үшін өте көп екенін мына цифрлар да растайды: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасылардың 77,6%-ы жан басына шаққанда 100 мың теңгеге дейін тұтынуға жұмсайды. Айына 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ақша жұмсауға мүмкіндігі бар балалары бар отбасылар небәрі 15,8%, 150 мыңнан көп жұмсай алатындар үлесі 6,6%.

Көпбалалы отбасыларда жағдай нашар. Төрт және одан да көп баласы бар барлық үй шаруашылықтарының 19% бір адамға айына 10 мыңнан 40 мың теңгеге дейін жұмсайды. Көпбалалы отбасылардың жартысына жуығында (47,9%) тұтынуға пайдаланылатын жан басына шаққандағы орташа табыс 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ауытқиды. Көпбалалы отбасылардың 4,2% ғана адам басына 100 мың теңгеден астам ақша жұмсай алатын мүмкіндігі бар.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button