#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғам

ЕЛ ТҰҒЫРЫ — АТА ЗАҢ

Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды.  Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.  Конституция  «Жалпы ережелер»,  «Адам және азамат»,  «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару»,  «Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімдерінен тұрады. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат.  Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. 

 1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса,1995 жылы қабылданған Конститутция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға 1998, 2007, 2011 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздеріміз бар. Мемлекеттің барлық азаматтары мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау ол біздің міндетіміз.

Қ.Жумекенов,

Междуреченск ауылдық округі әкімі бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button