Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

АНТИКОР АГЕНТТІГІ ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДА

Мобильді топ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесулер мен азаматтардың жеке қабылдауларын ұйымдастырады.

Олар арнайы Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы орталық базарда ашық есік күнін өткізді. Оған Алматы облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ іске қосылды. Топ құрамы азаматтардың проблемалық мәселелерін шешуге тікелей қатысатын еріктілер, мемлекеттік органдар мен құрылымдардың өкілдерінен жасақталды. Бұл бастама облыстың барлық шалғай ауылдары мен кенттеріне қатысты болады.

Жалпы жұрттың мамандарға қойылған өтініштері мен сұрақтарының қатарында жер мәселесі, ауылішілік жолдың уақытында күрделі жөндеуден өтпеуі, ипотека арқылы пәтер алудың ережелері сұралды.

«Облысымыздағы 30-дан астам шалғай ауылдарға бару жоспарлануда. Көшпелі кездесулер жергілікті тұрғындар көп жиналатын жерлерде ұйымдастырылады. Бұл – жергілікті Қазпошта пункттері, әкімдіктер, ХҚКО, мектептер, базарлар және ірі дүкендер. Кез келген азамат келіп, мобильді топ өкілдерінен қажетті кеңесін тегін ала алады», — деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Игіліков Елнар Тоқтабайұлы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топты автобустағы арнайы брендтік жазулар арқылы анықтауға болады.

Басты мақсат – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру мақсатында аудан, қалаларға шығу, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне бүкіл қоғамды тарту және Жаңа Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

«Мобильді топ» өз қызметінде қолданылатын нысаналы индикаторлары ретінде – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін анықтау, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда жедел түрде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруды белгіледі.  «Мобильді топ» өз қызметін облыс көлемінде тұрақты түрде жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылау және қоғамды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен ақпараттандыру Агенттіктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Агенттік өз тарапынан осы қызметті жүзеге асыруда еліміздің әрбір азаматына түсіндіру мақсатында әртүрлі әдістер қолдануда.

Жоспарланған іс-шаралар «Жаңа Қазақстанды сыбайлас жемқорлықтан еркін азаматтар салуы мүмкін» деге ұранмен атқарылуда.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button