Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙЫН ДЕСЕҢІЗ, ЖЫЛУ ҚАЗАНЫН ЖӨНДЕҢІЗ

Қазақта «Қыстың қамын жазда ойла» деген қанатты сөз бар. Бірақ дәл осы танымдығы терең тәмсілді қарға тамырылы қазақпен байланыстыру қиындау. Себебі қыс кезінде отын-су сатып алатын да, жылу құбыры тесіліп, әбігерге түсетін де қарапайым халық. Ал соны алдын ала қамдап, кем-кетігін жөндеп, сақадай-сай отыру жергілікті биліктің тұтқасын ұстап отырған абадан әкімдеріміздің қанына сіңбей келеді. Бұл мәселе жоғары жақта да бірнеше отырысында пысықталып, тиісті жауаптар алынып жатады. Қағаз бетіндегі есепті тыңдасаңыз, бәрі тамаша! Алайда кей өңірдің қыс мезгіліне қаншалықты дайындалғаны алғашқы суықта-ақ белгілі болады. Өткен қыста Арқадағы жылу беру нысанының талай қазақтың қызу талқысына түскеніні білеміз.  Тұрғын үйлердің жылусыз қалғаны көптің есінде. Тозығы жеткен жылу құбыры жарылғанда сол Екібастұз қаласының шенеуніктері құбырдың жарылуын аяздан көріп, ақталумен болды. Сол кезде арнайы бағдарлама арқылы көзделген қаржы діттеген жеріне бармағаны да анықталған. Жемқорлықтың, ашкөздіктің нәтижесі халықтың көз жасына әкелді. Сол кздегі шенеуніктердің  берілген сиырқұйымшақ жауаптарға қарағанда, күрделі жөндеу жұмысы жаз мезгіліне шегерілген. Бұл мыңнан бір ғана мысал. Өкініштісі сол, мұндай апатты жағдай тіркелгенде, өңір басшылары тек сөгіс алумен шектеліп жатады. Неге? Шын мәнінде, жыл сайын жылу маусымына дайындыққа мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Оны Премьер-министрдің әр отырыс сайын сұрап отыратыны бекер емес. Қыс мезгілінде тұрғындар абыржымаса, мектепте оқушылар қамнен-қаперсіз білім алса, денсаулық сақтау мекемелерінде науқастар жаурамаса, дайындық жұмысының нәтижесі осы. Биыл халқы тығыз орналасқан аудандарымыздың әлеуметтік мекемелерінің қысқа дайындығы қай деңгейде?

Былайша айтқанда, қыс – әкімдер үшін сынақ кезеңі. Қай әкімнің қалай жұмыс істегені де қыс маусымында анықталады. Қазан айының алғашқы жартысында облысымызда жылу беріледі. Аяз күздің өзінде алғашқы қатал мінезін көрсетіп үлгереді. Тағы да қазақтың сынақ сөзі  «Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, биыл да қыс қаһарына мінеді дейді ауа райын болжаушылар.

Өйткені, әлемдік жылу үрдісінде жазы ыстық, қысы қытымыр аяз болады дегенді ғалымдар қайта-қайта жар салып айтуда.

Осыған орай, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылының қысқы дайындығы жайында қысқаша ақпарат бере кетуді жөн көрдік. Энергетический ауылдық округі аппаратының айтуынша, округ аумағында 121 көппәтерлі тұрғын үй бар, барлық үйлер орталық жылытуға жүз пайыз қосылған. 3170 жер үй бар, оның ішінде 202 тұрғын үй орталық жылытуға қосылған. Сондай-ақ, орталық жылытуға 30 әлеуметтік нысан қосылған.

Оның ішінде №7, №13 орта мектептермен №24 лицейі, №38 мектеп-гимназиясы, «Қуат» балабақшасы, Іле аудандық орталық аурухана, Покровка ауылының амбулаториясы және Алматы  облыстық аймақтық балалар ауруханасы бар.

Энергетикалық ауылдық округ аумағында жылу энергиясын беру және таратумен «Тепловые сети» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Өтеген батыр ауылында бюджеттік саланың әкімшілік ғимараттары  30 абонент, коммерциялық ғимарат кәсіпорындар, дүкендер 158 абонент, жалпы халық халық саны 5719 абонент, көпқабатты тұрғын үйлер 121 бірлік яғни 5627 абонент, жеке сектор 202 абонент нысандар үшін орталық жылумен жабдықтау қызметтері ұсынылады.

Округтегі жылу желілерінің ұзындығы  33,2 шақырым, оның ішінде: «Жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі балансында 20,5 шақырым, қалғандары алаңішілік желілер 12,7 шақырым, тұтынушылардың балансында. Энергетический округі бойынша аудандық тұрғын үй балансында 1,2 шақырымында желілердің тозуы 55-60 пайызды құрайды. 121-ден 95 көпқабатты үйде жылу энергиясын есепке алудың үйлік аспаптары бар, бұл есепке алғаннан кейін өңдеу қауіпсіздігі бойынша 78,5 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, бар үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ 24 үй бар. Өткен жылы қыста орын алған көпқабатты үйлердің құбырларының тозуына байланысты жылыту құбырының істен шықандарын қайта қалпына келтірді. Тозған жылыту құбырлары жаңаларына ауыстырылды, Өтеген  батыр ауылы бойынша жылыту жүйесіндегі проблемалар жойылды.

Бірақ әкімшіліктің бақылауындағы Абай, №18 үй және Заманбек Батталханов №7 жылыту маусымына дайын емес. Себебі, бұл үйлердің жылыту жүйесі апатты жағдайда. Үй тұрғындарымен алдын ала кездесу өткізіліп, тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған үйлер жылыту маусымын дейін іске қосылатын болады.

Осыдан былай облыстық «Алатау арайы» газетіне жылыту маусымының Іле ауданы бойынша дайындығын жиі жазылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button