Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

Студенттер «Жол активтері ұлттық сапа орталығына» келді

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің студенттері меморандум келісім-шартына байланысты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облысы бойынша филиалына келді. Студенттер жол жабындысынан алынған асфальтобетон сынамаларын физика-механикалық қасиеттерін, атап айтқанда орташа тығыздығын және сумен қанығуын тексерді.

«Біз студенттерге керн қалай келеді, қалай алынады, қалай тексерістен өтеді, осы дүниелерді көрсеттік. Алынған сынаманы студенттер өз қолымен ұстап, өздері тексеріс жасап көрді. Оқығандарын шынайы жасап көру ол мамандыққа деген қызығушылықты оятады. Екіншіден, білімдерінің жетілуіне ықпал етеді» — деді зертханашы Ердос Көкірекбаев.

Жалпы жоғары оқу орындарының студенттеріне детальдармен танысу теориялық білімдерін практикада жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Айта кетейік, филиалға жоғары оқу орындарының студенттері жиі келіп жол ға қажетті құрылыс материалдары мен және зертхана жұмысымен танысып тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button