Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғамСақ болыңыз!

Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Осы орайда тұрғындар арасында зорлық зомбылық фактілерін алдын алу мақсатында, сонымен қатар сенім телефондармен таныстыру мақсатында ішкі саясат бөлімінің қолдуымен «Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастыруымен  «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз»  атты ақпараттық акция ұйымдастырылды. Акцияға «Прогресс» политехникалық колледж студенттері белсене қатысты. Шара барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды. Акцияның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық — зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button