Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратБоралдай кентіҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

«БОРАЛДАЙ НАН» ӘР ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ! НЕМЕСЕ ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА ӨНІМ

2013 жылы Іле ауданы Боралдай кентінде  «Боралдай нан» наубайханасы ашылып, жұмыс істей бастады.

Алғашында «Боралдай Нан» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі айына 4-5 мыңға жуық нан шығаратын. Өнімнің түрлері де санаулы ғана болатын. Бүгінгі таңда зауыт айына 800 тоннаға жуық нан өнімдерін шығарады. Ол 30-дан астам нан өнімдерін шығарады. Олардың ішінде бөлке нан, багет, «Бородино наны», кебек қосылған қара нан, ашытқысыз нан, әр түрлі салмасы бар тоқаштар бар. Барлығын да нарықтағы  қол жетімді бағамен сатып ала аласыз. 2024 жылы Жаңа жылда компания «Бородино нанын» қайтадан арнайы рецепт бойынша іске қосамыз деп отыр.

– Менің әкем Флорий Моисеевич бір кездері наубайхана өндірісімен айналысқан. Оның кәсіпорнының негізінде мен өз ісімді ашуды ұйғардым. Бүгінде біз Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша нан-тоқаш өнімдерінің кең ассортиментін өндіріп, сатамыз. Өндіріс үнемі дамып келеді, әртүрлі нан сорттарын қамтитын өнім ассортименті жаңартылып отырады. Мысалы, таңғы асыңызда  нанға жағып жейтін май, басқа да тәтті қатпарлы кондитерлік өнімдер, багеттер, тоқаштар, крекерді де қосып отырмыз. Қазақта «Нан болса, ән де болады» деген сөз бар.  Біз оны күн сайын қолданамыз. Нансыз күніміз өтпейді ғой, — дейді зауыт директоры Владимир Пак.

Бұл жерде нан өндіру технологиясы үнемі жетілдіріліп отырады. Ұнды сатып алудан бастап оны сақтауға, қамыр илеуге, пішіндеуге, пісіруге, тасымалдауға дейінгі әр кезең маңызды. Нан өндірісі қиын, қарбалас пен немқұрайлылыққа жол бермейтін процесс болғанына қарамастан, компания келесі жылы «Бородино» нанын да арнайы рецепт бойынша шығаруды жоспарлап отыр.  1 сортты барлығына танымал «кірпіш» пішінді қалпы тұтынушылар арасында танымал болып қала береді.

– «Кірпіштің» дәмін көпшілік жақсы көрді. Оны тек ілеліктер ғана емес, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында да, әсем Алматы шаһарында да тұтынады. Бағасы – 140 теңге, — деп жалғастырды наубайхана басшысы.

«Боралдай Нан» брендінің басты артықшылығы – бағаның тұрақтылығы, сапаның артуы, өнімнің түрленіп жаңартылып отыратындығы.

Қазіргі уақытта «Боралдай Нан» өнімдерін әртүрлі ірі дүкендердің сөрелерінен көруге болады, зауыт Іле және басқа аудандардағы жеке сатушылар арқылы да жұмыс істейді.

Кәсіпорында 240 адам жұмыс істейді, оның 70% жастар. Жастар жалақыға, жасалған жағдайларға назар аудара отырып, зауытқа белсенді түрде жұмысқа тұруға келеді.

– Біз әр қызметкерімізді бағалаймыз. Өйткені, жақсы маман дайындау оңай емес. Біз жұмыс орындарында жағдай жасаймыз, жалақы уақытында беріледі, сыйақылармен марапаттаймыз. Жаңа жұмыс орындары пайда болған кезде компания Еnbek.kz электрондық еңбек биржасына жүгініп, хабарландырулар жариялайды, — деп атап өтті Владимир Пак.

Компания келісім шарт негізінде өз міндетін мерізімінде орындап,  қызметтерін тиянақты атқаруда.

– Осы 10 жыл ішінде тұрақты тұтынушылар нарығы қалыптасты. Біз жаңа серіктестермен ынтымақтастық орнатамыз және оларға қатысты барлық ақпаратты «Боралдай Нан» өндірістік компаниясының менеджерлерінен алуға болады, — деп қорытындылады сөзін кәсіпорын директоры.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button