Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамЦифрлы Қазақстан

Дайын құжаттарды ХҚКО-дан үйге жеткізуге болады

Мемлекеттік корпорацияның Алматы облысы бойынша филиалы Қонаев қаласының, Қарасай және Ілеауданының тұрғындары дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисін пайдалана алатынын еске салады. Бұл ретте, курьерлер құжаттарды көрсетілген мекен-жай бойынша 2 сағат ішінде жеткізеді.

Айта кетсек, құжат дайын болған кезде қызмет алушыға жеткізуді рәсімдеу ұсынысымен 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде express.gov4c. порталына сілтеме түседі. Өтінімді рәсімдеу кезінде клиент сауалнамалық деректерді толтырып, жеткізу мекен-жайын көрсетіп төлем жасауы қажет болады.

Дайын құжаттарды жеткізу мемлекеттік қызметтің 150 түрі,  олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің төл нұсқалары және басқа қызметтер бойынша қолжетімді. Дегенмен, жеткізу қызметіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.

Бұл қызмет азаматтарды халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудан босатып, олардың уақытын үнемдейді.

 

Айдосқызы Мөлдір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша PR- менеджері

Басқа жаңалықтар

Back to top button