Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

DIGITAL ALMATY-2024: ЖАСҰО ВИРТУАЛДЫ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

 Алматыда «Digital Almaty-2024» цифрлық форумы өтті. Ауқымды іс-шара үш күнге созылды. Алтыншы рет ұйымдастырылған басқосу «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» деген тақырыпта болды. Өнеркәсіптегі сандық трансформация – Digital Almaty форумы қатысушылары талқылаған маңызды тақырыптың бірі. Іс-шара аясында ұйымдастырылған көрмеде түрлі тың жоба ұсынылды. Бұл көрмеге «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК цифрландыру бөлімінің бас маманы Кирилл Гриненко да қатысты.


«Біз шамамыздың келгенінше бәрін шынайы етуге тырыстық. Біздің сала мамандары жұмыс істейтін құрылғылардың бәрі қолымызда бар. Сондықтан қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Виртуалды сынақ зертханасында жұмыс істеген жастар кейін салаға да тез бейімделіп кетеді» — деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК цифрландыру бөлімінің бас маманы Кирилл Гриненко.
Бас маман мекеме атынан виртуалды сынақ зертханасын әкелген. Инновациялық жоба жас кадрлар мен осы салада қызмет етемін дегендер үшін тиімді. Айта кету керек, «Digital Almaty» халықаралық форумына биыл 30 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 200-ден астам жетекші инноватор спикер бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button