Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамМәдениет

МАҚСАТЫМЫЗ – ЕРТЕГІ ОҚЫП, САЛТТЫ ДӘРІПТЕУ

«Қоғамдық келісім және даму орталығы» Іле ауданы бөлімі ҚХА жанындағы аудандық  аналар кеңесінің   ұйымдастыруымен  Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы «Болашақ кемеңгер» балабақшасының «Қарлығаш» мектепалды тобының балаларымен  «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Энергетический ауылдық округі  аналар кеңесінің мүшелері Өрік Саринова, Күләнипа Абдильда   апайлармен барып ертегі оқыдық. Ертегі тыңдап өскен бала болашақ өміріне бағыт қалыптастыра алады. Кейіпкердің батыр тұлғасына қарап, үлгі алады, бой түзейді. Шараға меңгеруші Сүлейменова Айым, Ғалымқызы, тәрбиеші Момынбаева Ақмарал Нұрсұлтанқызы қатысты.

«Әжемнің ертегілері» жобасы аясында қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегінің мәні мен маңызын балалардың санасына жеткізу, қиялын, сөздік қорын дамыту, ертегілерді оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 15 мектеп пен 6 балабақша даертегі оқу іс-шаралары өтті. Мақсаты – ертегі оқу арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Жалпы, 42 ертегі оқылып, 435 бала қамтылды. Болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақ білімді, сауатты болса, бұл – ата-ана үшін үлкен бақыт, ал, мемлекет үшін – ұлы бақыт демекпіз! Бұл жұмыс 2 жылдан бері жалғасып келеді.

Осылайша, аналар кеңесі кітап оқумен қатар отбасындағы ұрпақ тәрбиесіне  ажырасудың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзекті мәселелерді шешуге оң септігін тигізіп келеді.

Келешек ұрпаққа үлгі болып, жас жеткіншектерді тәрбиелеуде өзіндік мектебін қалыптастырған Аналар кеңесі алдағы уақытта да басқа округтерде игі істерін жалғастырмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button