Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

«Мемлекеттік қызмет—мәртебелі міндет»

Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір сапасы болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Бүгінгі таңда Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:
1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
2. «Жер усачкесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қиылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» балабақшасының ұжымы ХҚКО мамандарымен ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтер мониторинг бөлімі бекіткен жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді өткізіп тұрады.
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерге кол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот, @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді,кедергісіз алуда. Барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған.
Аудандық мониторинг бөлімі тарапынан ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, аудандық арнайы мониторингтің топ мүшелері зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар жасалып, тұрғындарға қызмет ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.

Эльмира Жакупова, Қуат балабақшасының әдіскері

Басқа жаңалықтар

Back to top button