Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

ЕКПІНДІ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Іле ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Іле ауданы Междуреченск ауылдық округі Екпінді ауылындағы №2 орта мектебі 1976 жылы пайдалануға берілген. Жобалық қуаты 464 оқушыға арналған. 2008 жылы ішінара күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда мектепте 578 оқушы оқиды. 32 класс комплект. 67 – мұғалім, 10 – техперсонал жұмыс істейді. 2023 жылы Екпінді ауылы, №2 орта мектебіне күрделі жұмыстар жүргізу үшін 602 млн 036 мың 937 теңге бөлінді. Бүгінгі күнге игерілген қаржы 404 млн 483 мың теңгені құрайды. Қалған 197 млн 553 мың 937 теңге қаражат бөліну қажет етеді. Бүгінгі күнде құрылыс жұмысының 45 пайызы аяқталды. ЖСҚ 30.11.2021 жылы №12-0411/21 жасаған «Стройтекс» ЖШС-і.

Бүгінгі күні ғимаратқа жөндеу жұмыстарына 33 қызметкер жұмылдырылған. Шатырды жөндеу жұмыстары басталды, ғимаратты сейсмикалық тұрғызу үшін металл әкелінді, еденді түзулеу жұмыстары жүргізілген. Күрделі жөндеуге жоба бойынша төмендегі жұмыстар кіреді: сыртқы қабырғаларды сылау; сейсмикалық қатайту; ішкі әрлеу жұмыстары және едендерді жөндеу; есік-терезелерді бұзу және жаңасын орнату; вентиляция, дәретхана, кәріз, жылыту жүйелерін бұзу, орнату, электр, өртке қарсы жүйелерін жөндеу, бейнебақылау, интернет, телефон жүйесін жөндеу, мектеп аумағын қоршау, көгалдандыру, көркейту жұмыстары кіреді. Атаулы күрделі жөндеу 2024 жылдың маусым айына аяқталуға жоспарланған, бірақ берілген мерзімінен кешігу қаупі бар. Қазіргі уақытта облыстық білім басқармасынан қаржы бөлінбегендіктен жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Анықталған мәселелер бойынша жергілікті әкімдік, құрылыс компаниялары өкілдеріне ескертіліп, орындалуы бақылауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button