Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыЖетіген ауылдық округіҚоғамМерекелер

КҮЙ ТӨГІЛІП, КӨРІСУ ҒҰРПЫ АТАЛЫП ӨТТІ

14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды. Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітеді, жаңа жылда, жаңа күнде, жаңа өмір бастауға ниет етеді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым да бар.

Ұлыстың ұлы күні наурыздың бастауы «Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке. 14 наурыз күні қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету, көктемнің алғашқы күндерімен құттықтау дәстүрге айналған. Наурыздың алғашқы жайдарлы күндері, қазақ халқының дәстүрі мен ортақ құндылықтарын еске салатын ерекше мереке.

Ауданымызда «Көрісу күні» Жетіген ауылы, №3 орта мектебінде аталып өтті. Салтанатты жиынды мектептің домбырашылар оркестрі тамаша күймен ашып, домбырамен әсем ән-күйлер шырқалды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Жабиева Мейрамгүл апамыз бастаған ақ жаулықты әжелер арнайы осы күні білім ошағына барып, ұстаздары мен оқушыларымен көрісіп, жылы лебіз-тілектерін білдірді.  

«Көрісу халық қыстан аман-есен шығып, көктемнің шуақты күні бір-бірімен қуана қауышқан, ізгі ниет-тілегін жаудырған қазақтың ежелгі мейрамы. Бұл мерекенің басты мақсаты қазіргі өскелең ұрпаққа салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, балаларға мирас етіп қалдыру. Бүгінгі жаймашуақ көктемнің мерекесінде сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!», — деп аудандық ардагерлер алқасының мүшесі Мақсат Сейдалиев тілек білдірді.

Мектептің музыка пәні мұғалімі Ербол Қырғызалиев әуезді әнмен әуелетіп, «Көрісу күні» мейрамының ерекшеліктерін дәстүрге сай көрсетіп баққан мектеп ұжымы мен оқушылар, қос ішектен күмбірлетіп күй төгіп, Жетіген жігіттер триосы «Тойда кездесейік» әніншырқап, қонақтар би биледі.

Өз кезегінде ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аскар Махмудовичке құттықтау сөзі берілді. Аналар кеңесінің төрайымы Рашидам Сайдалиевна тілегін білдіріп, қонақтарға тәтті-дәмдіні тарту етіп,                шашу шашты.

Карима ДАУТҚАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button