AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамМерекелер

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

Жылдар ағып, күндер өткен сайын қанды қасапта жауды жеңіп, ұрпағына осы сәулелі күндерді сыйлаған соғыс ардагерлерiнiң қатары да азайып барады. Еліміз әр шаңырақтың берекесін келтірер қарттарға жағдай жасау үшін «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Осы жоба аясында 20 наурыз күні Іле аудандық «AMANAT» партия филиалының ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі қарсаңында ауданымыздың 100 жастағы соғыс ардагері Толғанбаев Тәңірберген атамызды «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы партия атынан арнайы шаңырағына барып тәттілер мен жеміс себеттерін тарту етіп құттықтап, игі тілегін білдірді. Қазыналы қартымыз қуанышын жасырмай, барша партияластар мен азаматтарды келе жатқан жыл басы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап, ақ батасын мен тілегін жаудырды. «Наурыз мерекесі – ежелден қазақ халқының жаңа жылы. Жаңа жылда бір-бірімізбен қауышып, қуаныш бөлісіп, аман-саулығымызды сұрасу – ұлттық дәстүріміздің бір көрінісі. Біз сияқты қарияларға құрмет көрсетіп, қуаныш сыйлап жатқандарыңа мың алғыс, балаларым! Әрдайым аман болыңдар! Біздің бейнетімізді көрсетпесін, жасаған жасымызды сендерге беріп, заманымыз бейбіт, мемлекетіміздің айбыны асқақ болсын!», — дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Тәңірберген ата. «Қуанышты бөліссең, көбейеді» деген халқымызда жақсы сөз бар. Ата-әжелеріміздің қолынан ұстап, суретке түсіп, жылы лебізін тыңдағанның өзі нағыз қуаныш. Бір ғасыр ғұмыр жасап, тарихымыздың куәгерлері болып отырған бұл кісілерге жасалатын құрметіміз жыл санап көбейе түссе, нұр үстіне нұр! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт өмірде өркениетті тәуелсіз елдің бақытты азаматтары болып ғұмыр кешейік.

Амина Мақсут

Басқа жаңалықтар

Back to top button