Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

КӨКЖАСЫЛ КЕЙІПКЕ ЕНГЕН КИЕЛІ МЕКЕНІМ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөнінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталғалы асқаралы Алатау бөктері көктемдік көгалдандыру, тазарту жұмыстарына білек сыбана кіріскен болатын. Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің бастауымен күні кеше «Киелі мекен» жобасы аясында игілікті іс, Алматы облысы, Іле ауданында да жалғасын тауып , аудан орталығы Өтеген батыр ауылындағы «Үш ұрпақ» ескертікіші мен орталық Арбат көшесі тазартылды.

Аудан көлеміндегі ауыл-аймақтарда да тазарту және көгалдандыру жұмыстары қарқынды өтуде. Жалпы аудан көлеміндегі 16 ескерткіш, 50 000 шаршы метр скверлер мен парктер тазаланды, оған 20 шақты техника тартылды. Ұзын саны бес жүзге жуық адам қатысты . Нәтижесінде 22 тонна қоқыс шығарылды. Мысалға, ауданымыздың шалғай ауылының бірі болып саналатын «Шабыт» ықшам ауданындағы №55 орта мектептің ұжымы 530 раушан гүлін ексе, аудан орталығына ең жақын орналасқан «Арман» ықшам ауданында 1200 жасыл көшеттер егілді. Акциядан кейін ескерткіштер жаңарып, көшет егілген көшелеріміз көкжасыл көрініске ие болып, жайнап шыға келді.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button