Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтары

ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ, ЕЛІМІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, ДАМУЫ

Ұлы дала төсі әлем назарын аударып отыр. Өйткені 1996 жылы «Шанхай бестігінің» негізінде құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа жұмысы басталды.  Биыл Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін хабрлады. Ұйымының аясы уақыт өткен сайын кеңейіп, кейінгі жылдары мақсаттары мен міндеттері де толығып келе жатыр. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі ұйымның ең жоғары органы саналады. Бұл орган ұйым қызметінің басымдықтарын айқындап, басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен өзара байланысты реттеп, ішкі құрылым мен жұмыс барысындағы іргелі мәселелерді шешеді, сондай-ақ ең өзекті халықаралық проблемаларды талқылайды. Биыл Беларусь республикасы ұйымға оныншы болып мүше мемлекеттердің қатарына қосылды.

Біздің бірлестігіміздің бірегейлігі мен орасан зор әлеуетінің арқасында әлемде оған деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Бүгін Астанадағы саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. – деді Президентіміз Қ. Тоқаев

Ұйымның негізгі мақсаттары болып табылатын; мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынастарды нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасауда еліміздің ары қарай өсіп дамуына үлкен серпіліс әкеледі деп ойлаймын.

Алдын ала мәлімет бойынша, ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданатыны қуантады.

Сұлтан ЖАРҚЫНБЕКОВ, ҚР –ның Құрметті азаматы,Әлем жазушылар одағының мүшесі, ақын-драматург, Іле ауданының мәслихат депутаты, ұстаз

Басқа жаңалықтар

Back to top button