Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтары

Алматы облысында Республикалық жолдарға қатысты 7 жоба жүзеге асып жатыр

«ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалында жол сапасының мәселелері мен атқарылған жұмыстар жайлы жиын өтті. Кездесуге ҚР Парламенті сенаты мен мәжіліс депутаттары және Алматы облыстық әкімдігінің өкілдері қатысты. Филиал директоры Ержан Жасыбаев орталықтың жұмысын баяндап, жол құрылысының сапасын бақылайтын заманауи құрылғыларды таныстырды. Бүгінде республикалық жолдар бойынша 7 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде, 239 шақырымында қайта жаңғырту (реконструкция) (4 жоба), 30 шақырымында орташа жөндеу (2 жоба) жұмыстары және Алматы-Қонаев жолының 23 шақырымында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарға 51,6 млрд.теңге қарастырылған. Оның ішінде ірі жобалар: Күрті-Бурылбайтал автомобиль жолы, Шамалған бекетінің айналма жолы, Қонаев-Күрті автожолының белгілі шақырым аралықтары кіреді.

«Біздің қызметіміздің мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады. Егер бұрын облыстық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрескен болса, онда құрылған орталық барлық жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды, оның ішінде жергілікті автомобиль жолдарын тексеруді қамтиды» — деді «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалының директоры Ержан Жасыбаев.

Осыған қоса қазіргі таңда ҚР Президентінің республикалық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жай-күйінің үлесін көбейту бойынша тапсырмасына сәйкес қосымша 32,3 млрд.теңге қаражат қарастырылып, 263 шақырым жолдарға орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленіп, ведомстволық сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Алматы облыстық филиалымен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізіліп жатыр. Айта кетейік, Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1783 шақырым.

Басқа жаңалықтар

Back to top button