Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтары

Алматыда «100 өлең» республикалық көркемсөз оқу байқауы өтеді

Алматы қаласында V республикалық 100 өлең байқауы өтеді. Шараны ASSYLTAS қоғамдық қоры ұйымдастырады.

Биылғы «100 өлең» байқауына қатысуға еліміздің әр өңірінен 500-ден астам адам өтініш білдірді. Олардың ішінен ақтық мәреге 20 қатысушы іріктеліп алынды. Байқау 5 қыркүйек күні өтеді.


Сайыстың алғашқы кезеңінде әр қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтардың бірін таңдап, сол жерде жасырылған өлеңді оқыды. Басты шарт – мүдірмеу. Екінші кезеңде әділ-қазылар алқасы жинаққа енгізілген 100 өлеңнің кез-келген жерінен сұрау арқылы қатысушыларды сынап көреді. Үшінші шаппа-шап кезеңінде финалға өткен қатысушылар бір-біріне өлең үзінділерін жасырады.
Айта кетейік, «100 өлең» байқауының финалдық кезеңіне өткен қатысушылар 100 күнде ұйымдастырушылар топтастырған 100 ақынның өлеңін жаттап іріктеуден өткен болатын. Бас жүлде иегеріне автокөлік сыйға беріледі. Аталған сайыс бесінші жыл қатарынан өткізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button