ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2024жылғы 04 қыркүйек күні, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық мәслихаты« AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырыс өтті. Күн тәртібінде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жайлы мәселе қаралды. Фракция жетекшісі А.Сатибаев өз сөзінде 2024 жылғы 2 қыркүйек күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдап, алдағы міндеттерді айқындап бергені жайлы айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауымен қысқаша таныстыру үшін сөз аудандық мәслихат депутаты Б.Базарбаева Жолдауда көрсетілген басым мақсат-міндеттер жайлы қысқаша хабарлама жасап, Жолдаудың маңыздылығына тоқталды. Жиынға қатысушылар Жолдауды талқылау барысында өз ойларымен бөлісіп, алдағы міндеттер сараланды және шешім қабылданды.