АҚ ЖЕЛЕҢДІ АБЗАЛ ЖАНДАР АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ САЛЫНУЫН ҚОЛДАЙДЫ
Алматы облысы, Іле аудандық орталық ауруханасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы кеңінен талқыланды. Жолдауда айтылған алтыншы пунктегі ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жекеменшік медицинаға зор пайдасын тигізгені жайлы айтылған болатын.
— Мемлекет азаматтардың қауіпсіз, еркін, алаңсыз өмір сүруіне, сапалы білім алып, денсаулығын күтуіне, өзінің ішкі әлеуеті мен мүмкіндіктерін жарыққа шығарып, армандары мен жоспарларын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың осы жолда атқарылуы тиіс істерді нақты көрсетіп берді. Біздің жұмысымызда да осы қателіктер орын алмау үшін қатаң қадағалауға алдық. Жолдаудың өзегін адам мен ұлт, халық денсаулығы мен ұлттық мүдде құрайды десек, қателеспейміз. Білікті медицина мамандарының тапшылығына, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттыруды тапсырды. Бұл мәселелер бүгінгі актуалды мәселе деп білемін – деді Іле аудандық орталық ауруханасының директоры, аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Ысқақ.
Айта кетейік, жиын барысында 2024 жылғы 6 қазанда өтетін республикалық референдум өткізу мәселесі де сөз болды. Басқосу кезінде ақ желеңді абзал жандар Президент Жолдауына қатысты ойларын ортаға салып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға байланысты ұсыныстарын жеткізуімен қатар атом электр станциясының бүгінгі қазақ медицинасында алар орны ерекшелігіне де тоқталды.
Дәрігерлер медицинаға жарық қуаты аса қажет екенін айта келіп, атом электр станциясының салынуы заманауи қажеттілік деді. Орталық аурухана ұжымы атом электр станциясының салынуын қолдайтынын айта отырып, мединица саласына да ерекше назар аударылғанын тілге тиек етіп, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтындарын жеткізді.
Бағдат ШОЙБАС