Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

АЭС салу озық технологияларды енгізуге және ілеспелі салалардың дамуына ықпал етеді

АЭС құрылысы тек электр энергиясын өндірумен шектелмейді, ол сондай-ақ жергілікті және ұлттық деңгейде экономикалық өсімнің драйвері болып табылады.

АЭС құрылысы кезеңінде мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жобаның инфрақұрылымдық сұраныстарын қанағаттандыру үшін жергілікті жеткізушілер мен шағын кәсіпорындарға жаңа мүмкіндіктер беріледі.

Еліміздің энергетикалық инфрақұрылымының 70%-ы тозған, сондықтан жаңа және қауіпсіз энергия көздерін дамыту қажет. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тапшылық мәселесін шешіп, тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етеміз. АЭС жылына 100 млрд кВт/сағ-қа дейін энергия өндіруге қабілетті, бұл еліміздің қажеттіліктерін толық қанағаттандырады

Сондай-ақ АЭС ұзақ мерзімді жұмыс істей отырып, аймақтық және ұлттық экономиканың тұрақтылығына үлкен үлес қосады деп сенемін.

Төрткен Кененқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button