Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

АЭС бойынша референдум барысында 6 млн 339 мың адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 14:00–дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,77 пайызын құрайды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша — 52,99%
2. Ақмола облысы бойынша — 54,91%
3. Ақтөбе облысы бойынша — 52,85%
4. Алматы облысы бойынша — 59,32%
5. Атырау облысы бойынша — 52,91%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,52%
7. Жамбыл облысы бойынша — 48,80%
8. Жетісу облысы бойынша — 55,42%
9. Қарағанды облысы бойынша — 59,92%
10. Қостанай облысы бойынша — 61,54%
11. Қызылорда облысы бойынша — 54,13%
12. Маңғыстау облысы бойынша — 46,19%
13. Павлодар облысы бойынша — 49,18%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 48%
15. Түркістан облысы бойынша — 67,38%
16. Ұлытау облысы бойынша — 59,65%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,73%
18. Астана қаласы бойынша — 45,19%
19. Алматы қаласы бойынша — 16,91%
20. Шымкент қаласы бойынша — 64,38%

«Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналатындығын атап өткен жөн», — деді комиссия мүшесі.

Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беріп жатыр.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:

— Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

— «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

ҚазАпарат

Басқа жаңалықтар

Back to top button