Аудан жаңалықтарыҚоғам

Цифрландыру мен мәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан маңызды пікірлері еліміздің даму жолындағы түбегейлі өзгерістерді айқын көрсетіп отыр. Цифрландыру мен жаңа технологиялар дәуірі – бұл тек экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар мәдениет, әлеуметтік өмір мен ұлттық бірегейлікті сақтауда да жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер туғызады.

Ұйғыр этномәдени бірлестік жетекшісі ретінде, меніңше, біз осы кезеңде этникалық топтардың мәдениетін цифрлық форматта сақтау мен насихаттаудың маңызы зор. Жаңа технологиялар этномәдени бірлестіктеріміздің бай мұрасын әлемге танытуға, оны жас ұрпаққа ұлықтауға мүмкіндік береді. Бұл тек мәдениеттің сақталуына ғана емес, сонымен қатар еліміздегі этникалық әртүрлілікті қолдауға да септігін тигізеді.

Бұған қоса, облыстар мен аудандарда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін цифрлық құралдарды тиімді пайдалану маңызды. Жаһандық өзгерістерге бейімделіп, әрбір этномәдени бірлестіктің өз дәстүрі мен өнерін жаңа заман талабына сай насихаттауы еліміздің мәдени көптүрлілігін байытып, біздің қоғамның бірлігіне оң әсер етеді.

Іле ауданының Ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі Р. Ушурова

Басқа жаңалықтар

Back to top button