Алматы облысының жаңалықтары

БИЫЛ ЖОЛ ТӨСЕУ КЕЗІНДЕ АСФАЛЬТБЕТОН ҚОСПАЛАРЫНА АЛЫНАТЫН МАТЕРИАЛДАР ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Биыл Алматы облысының жолдарын жөндеу әрі төсеу кезінде қолданылатын асфальтбетон қоспаларына материалдарды таңдауға көбірек көңіл бөлінетін болады. Мұндай мәселе «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы директорының м.а. Бақытжан Дастановтың төрағалығымен Алматы облысының асфальтбетон зауыттарының басшыларымен өткен кеңесте айтылды.

Енді асфальтбетон зауыттары құрылыс маусымы басталғанға дейін шығарылатын өнімдерін және қолданылатын материалдарын зертханадан өткізулері қажет. Жалпы Қазақстан жолдарының сапасын арттыруды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мәрте ескерткен болатын. Осыған орай Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев жергілікті маңызы бар жолдардың жұмыстары мен материалдарына жасалатын сараптаманы 100% қамтуды тапсырған.
Айта кетейік, алдағы айда «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп барлық облыстағы асфальтбетон зауыттарына тексеру жүргізілмек, одан бөлек республикалық бірыңғай дерекқорды өзектендіру шаралары өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button