Алматы облысының жаңалықтары

*ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НОРМАТИВТЕРІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ*

Алматы облысында жол құрылысының нормативтеріне енгізілген өзгерістер таныстырылды. Оған жолшылар мен жол салуға тапсырыс беруші жергілікті билік пен атқарушы орган өкілдері қатысты. Оқыту семинары «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалында өтті. Оған ЖАСҰО бас директоры Болатбек Айтбаев пен бірге орталық аппарат мамандары арнайы қатысты. Біліктілікті арттыруға бағытталған семинарда жол құрылысының нормативтеріне енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Өндірістік-техникалық бөлімнің бас сарапшысы Дилара Қонаева жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында және елді мекендер мен қалалардың көшелерінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша KAZROADLAB жүйесі туралы айтты. Сонымен қатар, мекеменің орталық аппарат мамандары автомобиль жолдарын пайдалану кезінде ведомстволық сараптама, диагностикалау, паспорттау және жол сапасын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударды. Тексеріс кезінде белгілі болған заңбұзушылықтар немесе кемшіліктерді уақытылы жою мен анықтау туралы да сөз болды.

**«KAZROADLAB бағдарламасы жыл сайын дамиды, жетіліп отырады, жаңа бағдарлама енгізіліп отырады. Сондықтан ондағы мағлұматтарды дер кезінде білген жөн. Мұндай оқу семинарының да қажеттілігі осында. Себебі ақпараттардың бір жерге тоғысуы жолшылар үшін де, тапсырыс берушілер үшін, әкімдік өкілдері үшін де тиімді. Одан бөлек бұл бағдарлама жемқорлық фактілерін жоюды. Бұл ең маңызды бағыттардың бірі» — деді «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Бақытжан Дастанов. **

Жол активтері ұлттық сапа орталығының «Жақсы жолдан – жарқын өмірге» деген ұранына сәйкес жол сапасының артуы ең басты міндет. Осыған қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мәрте тапсырма берген болатын. Ал жол құрылысының нормативтеріне енгізілетін өзгерістерді сала мамандарының дер кезінде білуі маңызды. Айта кету керек, біліктілікті арттыруға бағытталған оқыту семинары дәстүрлі түрде өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button