БАЙСЕРКЕ АСПАНЫ : АҚ БҰЛТТАРМЕН АЛЫСҚАН, ОТБАСЫЛЫҚ ҚУАНЫШ

Іле ауданы, Байсерке ауылында өткен авиашоуды көруге келгендердің қарасы қалың болды. Кейбір деректер бойынша он мыңға жетіп жығылады, дені қалалықтар. Шоудан қарағанда отбасылық мерекеге ұқсас. Тамыздың тамылжыған ақ таңымен таласа, балаларымен келген отбасылар, жастар, үлкендер – шынайы мерекенің атмосферасын сезінгісі келгендердің бәрі алаңға ағылды.
Сонымен, Байсерке ауылымен қапталдас жатқан кең авиабазаның ашық аспан астындағы алаңында, авиациялық техниканың мұражайы көптің көзін тартады. Мұражайда әр дәуірдің куәсі болған көне және заманауи ұшақтар мен тікұшақтар қойылған. Көрермендер олардың жанында суретке түсіп, балалар кабиналарды қызыға тамашалады. Сахнада ресми ашылуға дейін Қазақстан мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, салтанатты көңіл-күй сыйлады. Көк жүзінде әуе шарлары баяу көтеріле бастады. Жүргізуші Роман Жуков «Байсерке аспаны – 2025» авиашоуының ашылғанын жариялады. Әуеге алғашқы авиамодельдер көтерілді.

Шара ұйымдастырушылары бұл мерекені өткізуге үлес қосқан жандарға, ең алдымен Алматы облысының әкімдігіне алғыс айтты. Сондай-ақ өңірлік туризм басқармасы мен Visit Alatau туристік ақпарат орталығы да өз еңбегін сіңірді – олардың арқасында бұл мереке өңірден тыс жерлерге де танылып, елдің түкпір-түкпірінен және шетелден қонақтар шақырылған екен. Үлкен еңбек авиациялық ұйымдарна тиесілі екені тілге тиек етілді: «ОТАН» аэроклубы, «Тянь-Шань» ұшу орталығы, Азаматтық авиация академиясы мен «Вираж» компаниясы азаматтық әуесқой аэроклубтары бар.
Аспанда парашюттік шоу басталды. Экипаж мүшелері Руслан Шуклинов, Рудольф Шильке және Эдуард Арысланов спортшыларды 1400 метр биіктікке көтерді. Сол жерден парашютшілер секірді: парашютпен секіруден мыңнан астам секіру тәжірибиесі бар Вячеслав Джейранов – облыс әкімдігінің туымен, Антон Шарафутдинов – Visit Alatau туымен, сондай-ақ Леонид Гребеников, Василий Тютявин, Вячеслав Печенкин – түрлі ұйымдардың жалауларымен. Артынша Қазақстан авиациялық спорты федерациясының вице-президенті Тимофей Меркулов түтінді гирляндамен әсерлі секіріс жасады. Тимофей Меркулов парашютпен секіру спортында аты әлемге танымал. Ол 1600 түрлі секіріс жасағана, соның ішінде Эльбрус пен Мысыр пирамидаларында парашютпен жасалған трюктері бар.

Жеке блокта Қазақстан республикасының Қарулы күштерінің парашюттік даярлық орталығының спортшылары өнер көрсетті: спорт шебері Денис Исламов, Даурен Ержанов, Жақсылық Ерназар және Руфат Мурзапаров. Олардың түтінді секірістері көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Музыкалық сүйемелдеумен аспанда нағыз театрландырылған көрініс болды.
Келесі әсерлі нөмір – Socata ұшақтарының топтық ұшуы. Музыка ырғағымен олар әуеге көтеріліп, үйлесімді полеттің сұлулығын көрсетті. Одан кейін Қазақстан Республикасының әуе спорты чемпионы Владимир Анцупов жоғары пилотаж фигураларын орындады. Ал бұрынғы әскери истребитель ұшқышы, бүгінде Азаматтық авиация академиясының нұсқаушысы Дмитрий Киянов жеңіл Pipistrel SW 121 Virus ұшағында күрделі жоғары пилотаж кешенін көрсетті. Бұл ұшақ бүкіл әуе кемесін құтқаратын жүйемен жабдықталған әрі әдейі штопорға жіберіліп ұша алады. Сондықтан көрініс ерекше әсерлі болды.
Көрермендер дем алуға үлгермей жатып, аспанға Игорь Тюрин швейцариялық Pilatus PC-12 ұшағымен көтерілді. Бір қозғалтқышты турбовинтті бұл ұшақ жылдамдығы мен сенімділікті үйлестіреді. Игорь – «Dala Air» әуе компаниясының нұсқаушысы және емтихан қабылдаушысы, Африкадағы бітімгерлік миссиялардың бұрынғы командирі. Артынша итальяндық Partenavia P.68 ұшағында командир Андрей Пьяньков пен екінші пилот Владимир Кузьмин үйлесімді жұмысты көрсетті.

Сол сияқты спорттық Як-55 ұшағында Юрий Ельцовтың өнері де ерекше болды. Жоғары пилотажға арнайы жасалған бұл ұшақ үлкен жүктемелермен фигуралар жасауға мүмкіндік берді. Юрий – «Тянь-Шань» ұшу орталығының бас ұшқышы, емтихан қабылдаушы әрі он бес түрлі әуе кемесін меңгерген тәжірибелі нұсқаушы. Оның отты әуенмен өткен жылдам әрі динамикалық нөмірі күннің кульминациясына айналды.
Әрқашан ерекше қызығушылық тудыратын – тікұшақ пилотажы. Владимир Анцупов Ми-2 тікұшағының мүмкіндіктерін көрсетті. Ол ауыр машинаны әуеде шебер маневрлеп, қалықтау, бұрылу және дәл маневрлер орындап, винтті алыптардың қуатын паш етті. Бағдарламаның шарықтау шегі – екі Ан-2-ден бір мезетте жасалған десант болды. Аспанда бір уақытта жиырма төрт парашют ашылды. Ырғақты музыка оқиғаның ауқымын терең сезінуге мүмкіндік берді. «Ромб» топтық пилотажы да аса әсерлі өтті: төрт ұшақ – Андрей Анцуповтың Як-18Т, Владимир Анцупов пен Вячеслав Цаплиннің Як-52, Юрий Ельцовтың Як-55. Олардың әуеге әдемі шығуы, көлденең сегіздіктер, спиральдер және фанфармен өткен «веер тәрізді роспуск» көрермендердің есінде ұзақ қалды.
Жерде көрермендерге арналған фудкорт аймақтары, фотолокациялар жұмыс істеді. Ұшулар арасындағы үзілісте Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әртістері өнер көрсетті.
«Байсерке аспаны – 2025» үлкен мереке ретінде аяқталды – отбасылық, әрі шаттыққа, берекеге толы, шабыттандыратын күңге куә болдық. Бұл күні ұшқыштардың шеберлігі, көктің сұлулығы, әуен және өмірін авиацияға арнаған адамдарға деген мақтаныш бір арнада тоғысты. Ұйымдастырушылар Байсерке аспанында әлі талай өнер көрсетіп, таңдай қақтырып, өз қанатының астына алатынына уәде берді.
Бағдат ШОЙБАС, Іле ауданы


