Алматы облысының жаңалықтары

Алматы облысында «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының құрылысы аяқталуға жақын. Өңірде іске асып жатқан бұл ірі жобаның аясында 0-67 шақырым учаске қайта жаңарады

Жолды жөндейтін «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-і, инженерлік қызметі СП «Egis International» және ТОО «CS Consultants» мердігер ұйымы 67 шақырымдық жолдың 2 жолағын толық аяқтаған. Қалған 2 жолағының 61,7 шақырымына негіздемесі төселіп, 53,6 шақырымында асфальтбетонның алғашқы қабаты салынған. Ал соңғы беткі қиыршық мастикалық асфальтбетон қабаты 51,4 шақырымына төселді. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Аталған нысанның жұмыстары мен материалдарының сапасына «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы сараптама жасап, үнемі бақылайды. Жыл басынан бері мұнда 58 құрылыс материалы сараптамадан өткізілсе, оның 27-і нормаға сәйкес емес екен. Мердігер ұйыммен кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button