#Qazaqstan30

Конституциялық реформалар: жастармен подкаст-кездесу

26 ақпан күні Өтеген батыр ауылының аудандық кітапханасында «Конституциялық реформалар» тақырыбында подкаст-кездесу өтті. Іс-шараға ауыл жастары қатысып, елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістердің мән-маңызы мен қоғам дамуына әсері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Жастар өз ойларын еркін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.

Аталған іс-шара жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел дамуына бейжай қарамайтын белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.

Іле аудандық жастар ресурстық орталығы

Басқа жаңалықтар

Back to top button