#Qazaqstan30

Жаңа Конституция: қоғамдық диалог пен жастардың рөлі

27 ақпан күні Іле аудандық мәдениет үйінде «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды шараны Алматы облысының Қоғамдық кеңесі, «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ және «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар, белсенді жастар, қоғам белсенділері және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Іс-шара қатысушыларды тіркеуден басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды.

Жиында Конституциялық комиссия мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Мұратқызы Фазылжанова баяндама жасап, жаңа Конституцияның мазмұны мен реформалардың тарихи маңызына тоқталды.

Сонымен қатар Қазақстан ұлттық қой өсірушілер одағының төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Тынышбай Досымбекұлы Досымбеков, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Таңбалы» қорық-музейінің директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Бибігүл Дандығараева, Алматы облысының Қоғамдық кеңес төрағасы Қазыбек Нұрсейітұлы Дауталиев сөз сөйлеп, конституциялық реформалардың қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Жиын барысында Іле ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев, «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Мақсат Құлтайұлы Кенешев, Алматы қаласының «Байтақ» жасыл партиясы филиалы төрағасының орынбасары Берік Қалижанұлы Ағыбаев және ауданның белсенді жасы Саят Дулатұлы Тұгелбай өз ой-пікірлерін білдірді.

Шара аясында Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай бірқатар ҮЕҰ төрағалары марапатталып, «Ақ жұлдыз» қоғамдық қорының төрағасы Гүлшар Сергеевна Аптимова сөз сөйледі.

Конференция соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, іс-шара өз мәресіне жетті. Аталған жиын қоғамдық диалогты нығайтуға және жастардың ел дамуына белсенді араласуына серпін берген маңызды алаң болды.

Іле аудандық жастар ресурстық орталығ

Басқа жаңалықтар

Back to top button