Эстрада жұлдызы Нұрсұлтан Нұрбердиев Байкент ауылындағы №414 референдум учаскесінде дауыс берді

Бүгін өткен референдум барысында Іле ауданына қарасты Байкент ауылында тұрғындар белсенділік танытты. Солардың қатарында қазақстандық эстрада жұлдызы Нұрсұлтан Нұрбердиев те бар.
Өнер иесі Байкент ауылындағы Мәдениет үйінде орналасқан №414 референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасап, азаматтық борышын орындады.
Әнші бұл маңызды саяси науқанға қатысу әр азамат үшін үлкен жауапкершілік екенін айтып, ел болашағына бейжай қарамайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол ауыл тұрғындарымен жылы жүздесіп, халыққа ыстық ықыласын білдірді.
Учаскеге келген тұрғындар танымал өнер иесімен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді. Осылайша, Байкент ауылындағы №414 референдум учаскесінде өткен бұл сәт көпшілік үшін ерекше әрі есте қаларлық оқиғалардың бірі болды.



