Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

«Заң мен тәртіп»: Іле ауданында жастар форумы ұйымдастырылды

2 сәуір күні Іле ауданында Н.Тілендиев атындағы Мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» жастар форумы ұйымдастырылып, 400-ге жуық жастың басын қосты. Ауқымды шара жастардың құқықтық сауатын арттыруға, қоғамдағы жауапкершілігін күшейтуге және заңға деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.

Форум барысында өзекті тақырыптар кеңінен қозғалды. Атап айтқанда, нашақорлықтың алдын алу, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, психологиялық денсаулық пен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды. Арнайы мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға нақты бағыт-бағдар берді. Қатысушылар ашық диалог алаңында сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Жиында Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Жұмаханұлы Садықов сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың маңызын атап өтті. Ол «Заң мен тәртіп» қағидасы қоғам тұрақтылығының негізі екенін айтып, жастарды құқықтық мәдениетті сақтауға және заңды құрметтеуге шақырды.

Сонымен қатар, шара аясында Жастар ресурстық орталығының ашылуы өтіп, қатысушылар жаңа орталықтың жұмысымен танысты. Бұл орталық – жастардың бастамаларын қолдауға және олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Жалпы, біздің ауданда өткен бұл форум жастардың белсенділігін арттырып, құқықтық сауатын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button