Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
Іле ауданында тазалық акциясы барысында 642 тонна қоқыс шығарылды

Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында ұйымдастырылған санитарлық сенбіліктерге барлығы 9968 адам қатысып, 127 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 642 тонна қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, акция барысында 21 мыңнан астам ағаш отырғызылып, елді мекендердің санитарлық жағдайы жақсарды. Бұл жұмыстар қоршаған ортаны қорғау мен тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.



