Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
«Таза Қазақстан» – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық акция ғана емес, әр азаматтың туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігін айқындайтын маңызды бастама. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау – болашақ ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұрамыз. Осындай игі істер арқылы біз қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, бірлігімізді нығайта аламыз. Таза аула, таза көше – әрқайсымыздың қолымызда.
Осы орайда, барша Өтеген батыр ауылының тұрғындарын 18 сәуір күні орталық алаңда өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырамыз. Табиғатқа бейжай қарамай, туған жерімізді бірге көркейтейік!
Түймелиев Нұрлан Лесұлсы
Аудандық мәслихат депутаты



