Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ҮЛКЕН ФУТБОЛ ІЛЕГЕ ОРАЛДЫ: ЧЕМПИОНАТ 9 МАМЫРДА БАСТАЛАДЫ

Іле ауданында футбол маусымы биыл ерекшесерпінмен басталғалы отыр. 9 мамыр күніаудандық жазғы чемпионат ресми түрде жолтартады. Биылғы доданың басты ерекшелігіқомақты жүлде қоры мен ауқымды

Іле ауданында футболға деген қызығушылықсоңғы уақытта айтарлықтай артқан. Бұғанжуырда өткен Әкім кубогіне арналған ашықтурнир дәлел болды. 9 округтен жиналған 10 команда бірнеше күн бойы өзара мықтыныанықтап, алаңдағы тартыс көрермендергенағыз футбол атмосферасын сыйлады. Әсіресе финалдық кездесулер жоғарықарқынмен өтіп, жанкүйерлердің ерекшеқолдауына ие болды.

Нәтижесінде, Өтеген батыр округініңкомандасы чемпион атанса, Байсеркеқұрамасы екінші орынға тұрақтады. Ал АсқарТоқпанов округінің футболшылары үздік үштіктітүйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерақшалай сыйақылармен қатар, медальдаржәне арнайы грамоталармен марапатталды.

Бұл турнир аудан футболының дамуындамаңызды кезеңдердің бірі болды. Енді Іле ауданы одан да ауқымды жарысты қабылдауғадайын.

9 мамыр күні ауданда футболдан жазғычемпионат ресми түрде бастау алады. Бұлдода шамамен 4,5 айға созылып, ауданныңбарлық округтерін қамтиды. ЧемпионатқаӨтеген батыр, Байсерке, Боралдай, Ащыбұлақ, Қарой, Асқар Тоқпанов, Байкент, Ақсай жәнеАқши округтерінің командалары қатысады.

Жарыс «үйде және қонақта» жүйесі бойыншаөтеді. Яғни, әр команда қарсыласын өзалаңында қабылдап, қарымта матчты сырт алаңда өткізеді. Бұл формат ойындардың әділәрі қызықты өтуіне мүмкіндік береді. Жалпычемпионат 18 турдан тұрады.

Матчтар әр сенбі күні кешкі сағат 17:00-де ауданның бірнеше елді мекенінде қатарұйымдастырылады. Бұл өз кезегінде әр округ тұрғындарының өз командасына тікелейқолдау көрсетуіне мүмкіндік береді. Жанкүйерлер үшін бұлдемалыс күндерінтиімді әрі қызықты өткізудің тағы бір жолы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғычемпионаттың деңгейі жоғары болады. Әройынға тәжірибелі төрешілер тағайындалып, ойын барысы толық бақылауда болады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау үшінполиция қызметкерлері жұмылдырылады. Бұлшаралар жарыстың қауіпсіз әрі әділ өтуінқамтамасыз етуге бағытталған.

Чемпионатқа 16 жастан асқан барлықтұрғындар қатыса алады. Ойындарклассикалық 11×11 форматында өтеді, яғнитолыққанды үлкен футбол ережелерісақталады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздіккомандалар қомақты сыйақыменмарапатталады. Бірінші орын алған команда 1 500 000 теңге көлемінде жүлдеге ие болады. Екінші орын – 1 000 000 теңге, ал үшінші орын– 500 000 теңге. Сонымен қатар, жеңімпаздармен жүлдегерлерге медальдар мен грамоталартабысталады.

Іле ауданында басталғалы отырған бұлчемпионат тек спорттық жарыс қана емес. Бұлжастарды спортқа тартуға, салауатты өмірсалтын қалыптастыруға және аудантұрғындарының бірлігін нығайтуға бағытталғанмаңызды әлеуметтік жоба.

Футбол – тек ойын емес, ол ортақ мақсатқабіріктіретін күш. Ал Іле ауданындағы жазғычемпионат осының айқын көрінісіне айналмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button