Аудан жаңалықтары
Іле ауданында футбол маусымы қыза түсті

Іле ауданының футбол чемпионатының 2-туры тартысқа толы өтіп, жанкүйерлерге әдемі голдар мен әсерлі ойын сыйлады. Ауыл командалары алаңда жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.
2-тур нәтижелері: Ащыбұлақ — Боралдай 4:1 Байкент — Қараой 5:2 А.Тоқпанов — Байсерке 0:4 ы Ақсай — Күрті 3:1

Чемпионат аудан жастары арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ауыл командалары арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталған.
Барлық командаларға алдағы ойындарда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!



