Бүгін Іле ауданында болашаққа салынғанинвестицияның ең маңыздысы — білімгеқұрмет көрсетілді.

2026 жылдың 20 мамыр күні Іле ауданындағы Н.Тілендиев атындағы Мәдениет үйі аудандық «Іле дарыны» форумы өтті. Форум білім, ғылым, өнержәне спорт салаларында жоғары жетістікке жеткендарынды оқушыларды ұлықтап, олардың табысынаүлес қосқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіннасихаттауға арналды.
Іс-шараға аудан әкімдігі өкілдері, мектепдиректорлары, ұстаздар, ата-аналар және дарындыжастар қатысты. Форум барысында ауданоқушыларының республикалық және халықаралықолимпиадалардағы, ғылыми жобалардағы жәнеспорттық жарыстардағы жетістіктері қамтылғанарнайы бейнеролик ұсынылды.
Жиынға Іле ауданының әкімі ҚайыржанЖақсымбетов қатысып, дарынды жастардықұттықтады.
— «Мемлекеттің ең үлкен капиталы — білімдіұрпақ. Бүгінгі форумда отырған әр оқушыныңжетістігі — үлкен еңбектің нәтижесі. Сіздерауданымыздың ғана емес, елдің болашағынқалыптастыратын буынсыздар», — деді аудан әкімі.
Форум аясында республикалық және халықаралықдеңгейде жоғары нәтиже көрсеткен 7 дарындыоқушы марапатталды. Сонымен қатар, жасталанттардың жетістігіне қолдау білдіріп жүрген 5 ата-анаға аудан әкімінің Алғыс хаттарытабысталды.
Іс-шара барысында республикалық олимпиаданыңқұқық негіздері пәні бойынша ІІІ орын иегері, №38 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысыТажбенова Данияла, тәжірибелі ұстаз КенжалыеваПеруза Атабаевна және ата-аналар атынан Алиева Жанар Мартаевна сөз сөйлеп, білім мен отбасытәрбиесінің маңызын атап өтті.
Форум концерттік бағдарламамен жалғасып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарыкөрермендерге ән мен би тарту етті. Соныменқатар, №28 мектеп-гимназиясы оқушыларыорындаған дарынды оқушылар гимні форумныңмазмұнын айшықтай түсті.
«Іле дарыны» форумы — талантты жастардықолдау мен ынталандыруға бағытталған маңыздыалаң.



