Алматы облысының жаңалықтары
Мемлекеттік қызметші мәртебесі – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметші – қоғам мен халық арасындағы сенім көпірі. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – ортақ мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты әдеп нормаларын сақтау, кемсітушілікке, қорлауға және жалған ақпарат таратуға жол бермеу маңызды.
Осы бағытта қоғамда өзара сыйластықты, әдепті диалог мәдениетін және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Әрбір азаматтың абыройы мен қадір-қасиеті заңмен қорғалады. Онлайн кеңістікте де жауапкершілік пен мәдениетті сақтау – баршамызға ортақ міндет.



