Аудан жаңалықтары

БОРАЛДАЙ 8 ГОЛ СОҚТЫ: ІЛЕ АУДАНЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4-ТУРЫ ҚЫЗУ ӨТТІ

Іле ауданында футбол чемпионатының 4-туры аяқталды. Бұл жолғы ойындар жанкүйерлерге мол гол, тартысты бәсеке және күтпеген нәтижелер сыйлады.

Турдың басты оқиғасы — Боралдай командасының Қараой қақпасына сегіз гол соғып, 8:3 есебімен ірі жеңіске жетуі болды.

Нәтижелі ойын көрсеткен боралдайлықтар турдың ең жарқын командасына айналды.

Байкент командасы да сенімді ойын өрнегін көрсетіп, Ақшиді 3:0 есебімен жеңді. Қорғаныста сауатты ойнаған команда қарсыласқа мүмкіндік берген жоқ.

Турдың ең тартысты кездесулерінің бірі Ащыбұлақ пен Байсерке арасында өтті.
Кездесу 2:1 есебімен Байсеркенің пайдасына аяқталып, қонақтар маңызды үш ұпайды қоржындарына салды.

Ал А. Тоқпанов пен Өтеген батыр командалары арасындағы матчта регламент талаптарына сәйкес А. Тоқпанов командасына 3:0 есебімен техникалық жеңіс берілді.

Төрт турдың қорытындысы көрсеткендей, чемпионаттағы бәсеке күн сайын артып келеді. Әсіресе Боралдайдың ірі жеңісі мен Байсеркенің сырт алаңдағы табысы турнир кестесіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.

Алда жанкүйерлерді одан да қызықты матчтар мен шешуші кездесулер күтіп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button