Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
Түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілеріне жол бермеу

Аудан аумағындағы автожолдарда мотокөліктермен жол-көлік оқиғаларының орын алуы, сонымен қатар, шет ел өндірісінен жасалған мотоцикл, квадроцикл, трицикл, мопед көліктерімен және ауыр жүк көліктермен жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында Іле ауданы ПБ-ның қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша, оның ішінде елді мекендерде рұқсат етілген шу нормаларын асырған мотоциклдерді, арнайы техникаларды қолдану мәніне нысаналы жұмыстар жүргізу болып табылады.
