Құрметті Іле ауданының сайлаушылары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді!
Сіздерді тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!
Сайлау участкелерінің шекаралары және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтер 2026 жылғы 10 шілдегі № «Іле таңы» газетінде және аудан әкімшілік сайтында жарияланған. сілтеме
2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскесіңізде Сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Нақтылау немесе өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Сізге ыңғайлы болу үшін, жазғы демалыс факторын ескере отырып, сізде 2026 жылғы 7 тамыздан бастап 2026 жылғы 22 тамызда сағат 18.00-ге дейін есептен шығару куәлігін алуға және елді мекеннен тыс жерде дауыс беруге мүмкіндігіңіз бар.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру тәртібі
Жалпы жұрттың танысуы үшін тiзiмдердi ұсыну мен дауыс беру күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелік сайлау комиссиясы азаматтың өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде азаматқа (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiміне тиiсті белгі қойылады.
Өтінішті сайлаушының жеке өзі және түсінікті етіп толтыруы керек.
Егер дауыс беру құқығына есептен шығару куәлігі азаматтың өкіліне сенімхат бойынша берілсе, онда өтiнiшке сенiмхат қоса берiлуге тиiс. Сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді!
Учаскелік сайлау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.
Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін берген учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсындағы «ескертпе» деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазбаны, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін енгізеді және өзінің қолын қояды.
Сайлаушылардың есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне қоса тіркеледі және оны тиісті учаскедегі сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен шығаруға негіз болып табылады.
- Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді;
- Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді;
- Есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді.
Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлаушыны оның келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Есептен шығару куәлігінің негізінде сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлаушы дауыс беруге қатысады.
Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы



