Аудан жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН БІЛІМ САПАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Сайлауалды штаб мүшелері Іле ауданы Асқар Тоқпанов аумағындағы №42 орта мектептің педагогтерімен кездесті.

Жүздесу барысында білім сапасы, мектептердегі орын тапшылығы және қала мен ауыл балаларына тең мүмкіндік беру мәселелері сөз болды. Ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасындағы білім саласына арналған негізгі бағыттар таныстырылды.

Бағдарламада 2031 жылға дейін кемінде 300 мың жаңа оқушы орнын ашу көзделген. Жаңа мектептер салу кезінде оқушы орнының тапшылығы жоғары Алматы облысына басымдық беріледі.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының айырмасын азайту үшін Ұлттық тірек ауыл мектептері желісін құру бастамасы қамтылған. Бұл мектептер 700-ден астам шағын жинақты мектепке әдістемелік қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде инженерлік, IT, математика және гуманитарлық бағыттағы мектептер желісін ашу қарастырылған.

Кездесу барысында педагогтер білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button